CELTA online

CELTA (Ересектерге ағылшын тілін оқыту сертификаты)
CELTA мұғалімдерге үлкен мансаптық мүмкіндіктер ашады. Бұл сертификат әлемнің көптеген тіл мектептерінде кеңінен мойындалған стандарт болып табылады.
CELTA курсы 1970 жылы Кембридж университеті тарапынан жасалған. Курс ағылшын тілін оқытудың сапасына қойылатын күтілімдердің артуымен байланысты пайда болды. Бұл үрдіс жаһандану мен өмірдің барлық салаларындағы халықаралық өзара әрекеттестіктің өсуімен туындады.
CELTA курсымен басқа курстардың айырмашылығы
CELTA курсының мәні және басты айырмашылығы – тиімді оқу процесін ұйымдастыруға практикалық бағытталуы. Мұғалімдер тек әдістемелік аспектілерін ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік сабақтарға қатысып, сыныпты басқару және оқу құралдарын (оқулықтар, аудио және видео материалдар) пайдалану сияқты пайдалы дағдыларды меңгереді.
CELTA – бұл емтиханнан гөрі тренинг. Материалды меңгеру күнделікті бағаланады және курс соңында әрбір мұғалім сертификат алады: Pass (қабылданды), Pass B (жақсы) немесе Pass A (үздік).
Курсқа кімдер ұсынылады?
Бұл курс келесі категориядағы тыңдаушыларға ұсынылады:
-
Ағылшын тілін оқытушылар, өз біліктілігін арттырып, заманауи талаптарға сай оқыту дағдыларын меңгергісі келетіндер,
-
Бұрын педагогикалық тәжірибесі жоқ (мысалы, аудармашылар),
-
Ағылшын тілін оқытуға қайта даярланғысы келетіндер.
Талапкерлер ағылшын тілін кемінде C1 немесе Advanced деңгейінде білуі керек. Сонымен қатар, курсқа қабылдау үшін өз еліндегі жоғары оқу орнына түсуге қажетті білім болуы қажет.
Әдістеме және курс мазмұны
CELTA оқыту әдістемесі екі негізгі принципке негізделген:
-
Коммуникативтік даярлыққа басымдық беру. Мұғалімдер оқушыларды ағылшын тілінде еркін қарым-қатынас жасауға тиімді үйретудің дағдыларын алады, сонымен қатар сөздік қор мен грамматиканы дұрыс қолдануға көңіл бөледі.
-
Оқыту барысында тек ағылшын тілі қолданылады, яғни оқушының ана тілі қолданылмайды.
Курс жалпы ұзақтығы — 120 академиялық сағат (4 апта, аптасына 5 күн, күніне 7-8 сағат).
CELTA курсының құрамдас бөліктері
Теориялық сабақтар:
-
Тілдің грамматикалық құрылымдары
-
Лексика, дыбыстау және ауызша сөйлеу
-
Қателерді талдау және түзету әдістері
-
Қазіргі заманғы оқыту әдістемелері
-
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас
-
Сабаққа дайындық және жоспарлау
-
Сыныпты басқару
-
Оқу құралдары мен көрнекі материалдарды пайдалану
Педагогикалық практика:
Барлық студенттер 6 сағаттық міндетті педагогикалық практиканы волонтер студенттермен өткізеді. Оқыту кемінде екі деңгейде жүргізіледі (Elementary және Upper-Intermediate). Әрбір практика соңында талдау мен бағалау жүргізіліп, әр тыңдаушыға жеке жазбаша кері байланыс беріледі.
Тьютормен кеңес:
Барлық тыңдаушылар басқа студенттердің практикалық сабақтарына қатысуға мүмкіндік алады. Сабақ аяқталған соң тәжірибелі тьютор әр мұғалімнің күшті және әлсіз жақтарын талдап, жеке консультациялар өткізеді.
Жазбаша жұмыстар:
Курс барысында студенттер 4 жазбаша тапсырманы белгілі мерзімде орындауы керек.
Оқу орны мен уақыты
Қазіргі уақытта біздің компания шетелдік серіктес арқылы CELTA курсына онлайн жазылым қабылдауда.